«Күзгі романс»! Міне осындай романтикалық тақырыпта поэзия мен акустика кеші өткізілді.
Ақын, журналист, этнограф Манай Ғылымхал, әнші ,композитер, ақын, «Айқын» газетінің тілшісі Жұмашев Абылайхан және Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің студенттерінің қатысуымен өткен өнер кеші бейресми форматта өзгеше леппен өтті. Шараға қатысушылар поэтикалық күйге еніп, музыканың құдыретті үніне тербеліп күзгі жапырақтардың сыңғыры мен элегиялық әсерге бөленді.