«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
2026 жылғы 7 қарашада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК-де сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, колледж аумағының тазалығы мен көркін сақтауға үлес қосу.
Сенбілікке ММ-448 тобының білім алушылары, топ кураторы Карабалина Г.С. және БМ — 447 тобының білім алушылары, топ кураторы Атыгаева А.С. белсенді қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар колледж аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Білім алушылар ұйымшылдық пен белсенділік танытып, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті.
Қорытындылай келе, осындай экологиялық іс-шаралар жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, тазалықты сақтауға, еңбекқорлыққа және қоғамдық жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. «Таза Қазақстан» акциясы – туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыздың қосқан үлесіміз.
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық!




