Құзыреттілік орталығы

Іс-шаралар

Астана қаласындағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «Құзыреттілік орталығы» ашылды. Бұл Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Жас маман» бағдарламасының нәтижесінде жүзеге асып отырған маңызды жоба. Онда сервис саласының болашақ мамандары ең замануи құрылғылармен жұмыс жүргізе алады. Бір ерекшелігі, құзыреттілік орталығы арнайы Астана қаласы әкімінің қолдауымен бөлінген екі ғимаратта орналасқан. Аспаздық, кондитер шеберханалары, ақпараттық технологиямен жабдықталған кабинет, әдістемелік кабинет,студенттік бар, оқу мейрамханасы болашақ кәсіби құзыретті мамандар даярлау орталығына айналатындығына сенім мол.