Колледж туралы

Астана қаласы  әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис  колледжі»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тамақтандыруды ұйымдастыру саласына қажетті мамандарды дайындайтын жетекші білім беру мекемелерінің бірі. Білім беру нарығында колледж өз жұмысын 1983 ж. бастады, ол кезде жеңіл өнеркәсіп үшін кадрларды даярлау мақсатында жіп иіру-трикотаж фабрикасы оқу комбинаты – СПТУ № 5 құрылды. Бірқатар қайта құрылымдаудан кейін сол кездегі № 2 кәсіптік лицей 2012 жылы колледж мәртебесіне және қазіргі атауына ие болды. Колледждің негізгі бағыты-қызмет көрсету саласына қажетті мамандарды дайындау. Осы жылдар ішінде колледж 8 мыңнан астам қоғамдық тамақтандыру және сервис мамандарын оқытып шығарды.

Бүгінде колледж түлектері Нұр-Сұлтан қаласының және Қазақстанның мейрамханалары мен асханаларында ғана емес, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерде еңбек етуде. Колледжде қазір бір кезде ата-аналары мен аға-апалары, бауырлары білім алған студенттер де бар.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттары мемлекеттің стратегиялық бағытына, Қазақстан президентінің Жолдауларында көрсетілген талаптарға, атап айтқанда, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маманды даярлауға сәйкес келеді. Бұған колледж ұжымының таңдап алған сапа саласындағы саясаты, еңбек нарығына бағытталған тұрақты мониторингі, ИПҚ-ның кәсіби құзыреттілігін арттыруы, білім беру сапасын мониторингтеудің бірыңғай жүйесін құруы, жан-жақты және терең талдау негізінде жедел толықтыру және түзету жұмыстарын жүргізуі сәйкес келеді.

Колледж жұмысын және білім беру сапасы саласындағы саясатын жүзеге асыру үшін  қабылданған бағыттарға сәйкес стратегиялық мақсаттар: инновациялық қызмет сапасын қамтамасыз ету арқылы сапа менеджменті жүйесін енгізу, оны іске асыру, МТБ-ны тұрақты жаңарту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің арасында дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша экспкерименттік алаң ретінде біздің колледжді таңдауы, осы бағыттағы мақсаттарды жоспарлы түрде іске асырудың фактісі болып табылады. Сонымен бірге оқу орнында ағылшын тілінде оқытуға көшу эксперименті жүзеге асырылды. 2017-2018 оқу жылында эксперимент аяқталып, дайындай білумен қатар келушілерге үш тілде қызмет көрсете алатын мамандар колледж бітіріп шықты. Жұмысқа орналасу 98% құрайды. 2018-2019 оқу жылынан бастап колледжде өқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 553 бұйрығына сәйкес әзірленген модульдік-компетенттік бағдарламаға өтті. Осы оқу жылында экспериентті аяқтау және дайындаумен қатар келушілерге үш тілде қызмет көрсете білетін мамандарды шығару жоспарланып отыр.

2018-2019 оқу жылында Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасы басшысының орынбасары, әлеуметтік серіктестер, ата-аналар, шет елдік (Тверь қ. сауда-экономикалық колледжінің директоры, Корей біліктілікті арттыру институтының басшысы) т.б. қонақтардың қатысуымен өткен 35-жылдық мерейтойын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК 2018-2019 оқу жылында «Білім беру сапасын көтеру агенттігі» МЕМ-нен Институционалдық аккредитациядан өтті. Бұл колледж әкімдігі мен ұжымының көпжылдық еңбегінің нәтижесі, білім саласындағы сапалық көрсеткішінің нәтижесі.

Колледж оқу орнының құрылғанынан бері еңбек етіп келе жатқан, еңбек жолын осы оқу орнынан бастаған, бүгінгі таңда ұжымның ұйытқысы болып отырған, өз ісінің мамандарынан және ұйымшыл ұжымынан тұрады.

Бүгінгі таңда колледжде 2 техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі, 2 ғылым кандидаты, 18 педагогика ғылымдарының магистрі, 44% жоғары және бірінші санатты педагог қызмет етуде. Арнайы пәндер оқытушысы Кожабергинова С.М. 2018-2019 оқу жылында өткен «Үздік педагог» қалалық байқауының гран-при жүлдегері атанды.

Студенттерге сабақтарды және шеберлік сыныптарды колледж педагогтары жүргізіп қана қоймай, оған Италияның, Францияның, Норвегияның, АҚШ, Оңтүстік Кореяның жоғары білікті мамандары тартылған. 

Колледжде шебер-сыныптар өткізуге өздерінің шеберліктерімен шын көңілден бөліскісі келетін бұрынғы түлектерді тарту үрдісі жалғасын тауып келеді. Биылғы жылы колледж түлектерінің бастамасымен қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің бітірушілер Қоғамдастығы құрылды. Колледж студенті А. Мажинов биылғы өткен қалалық КжТБ білім алушыларының арасында өткен WorldSkills жастар чемпионатының жүлдегері атанды.