Кітапхана

Электрондық ресурстар

Жаңартылған бағдарлама бойынша 10-11 сынып оқулықтары
Қосымша әдебиеттер

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.
Әбіш Кекілбаев

Кітапхана – өркениеттің ежелгі және маңызды негіздерінің бірі, құнды білім мен рухани даналықты, ұлттық жадыны, көптеген ұрпақтардың мәдени және ғылыми мұрасын сақтау орны. Біздің колледждің кітапхана қабырғасында студенттер мен оқытушыларды көруге әрдайым қуаныштымыз. Сөредегі әрбір кітап өз оқырманын табады деп үміттенеміз.
КІТАПХАНАНЫҢ МАҚСАТЫ:
 Оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету арқылы мемлекеттің білім аясындағы саясатын жүзеге асыру.
 Барлық санаттағы оқырмандар үшін, ақпараттық-білім беру кеңістігін құру.
 Ақпаратқа, кітап қорына, ақпарат кеңістігіндегі мәдени құндылықтарға, мәдени және тілдік әртүрлілікке еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.
КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
 Оқу- тәрбие үрдісін қамтамасыз ету, студенттер мен педагогтарға кітапханалық және ақпараттық-библиографикалық қызмет көрсету, өздігінен білім алу. Ұстаздар мен студенттердің білім беру жобаларына қатысуға көмек көрсету;
 оқырмандарда тәуелсіз кітапханалық пайдаланушы дағдысын қалыптастыру: кітапты пайдалануды және басқа да ақпараттар тасымалдаушысын, іздеуді, іріктеуді және ақпаратқа баға беруді үйрету;
 электронды, цифрлы кітапхана формасындағы білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
 дәстүрлі және жаңа кітапханалық технологияларды игеру және жетілдіру, құжаттарға қолжетімділіктің тез және толық мүмкіндігімен қамтамасыз ету, педагогтарға әдістемелік консультациялық, студенттерге ақпарат алуға көмек көрсету;
 ақпаратты өңдеу және жинау, жинақтау, оны пайдаланушыға жеткізу, кітапханадағы бар ақпараттық база көзіндегі ақпараттық жұмыстарды жүргізу;
 пайдаланушы арасындағы қарым-қатынасты дамыту, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;
 педагогтар мен студенттерге оқу, ғылыми-зерттеу жұмысы бағытында ақпараттық демеу көрсету, сонымен қатар колледждегі инновациялық үрдісті ақпараттық қолдау.;
 кітапхана жұмысына біліктілікті көтеру семинарларында алған жаңа тенологияларды енгізу.
 -педагогтар мен студенттерге кітапхананың кітап қорынан ақпарат алуға әдістемелік консультациялық көмек көрсету..
 қаланың, театрлардың, мұражайлардың, бейнелекциялардың, онлайн оқулардың элект- бағдарламалық, әдістемелік, оқу, анықтамалық, көркем әдебиетке қолжетімділікті алуға мүмкіндігі бар электрондық кітапханалар тізімдерін құру
 кітап көрмелерін, кітап жарнамаларын құру. Кітапхана екі бөлімнен тұрады:
Абонемент Оқу зал Кітапхананың жалпы ауданы: 64,2 м Кітапханаға «Кабис» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесінің енгізілуі жұмыста жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді. Кітапхана оқырмандарының кітап туралы қажетті ақпаратты табуына, керекті әдебиетті таңдап алуына мүмкіндік беретін электронды каталог жасалды. Жаңа түскен кітаптар, атаулы күндер мен мерейтойларға арналған тақырыптық, көрмелерін ұйымдастыру кітапханада дәстүрге айналған. 2022-2023 оқу жылында абонементте 1 069 оқырман тіркелген. Жалпы қоры 15 329 дана мемлекеттік тілде 7 560 дана. Оқу-әдістемеліксінің электронды нұсқалары 373 дана. 2017 дана кітабымыз QR кодпен жасалынған.
Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кітапхана ісі мәселелері жөніндегі бұйрықтарын, бастауыш және орта кәсіптік білім беру кітапханасы туралы типтік ережелерді басшылыққа алады. Кітапхана өз жұмысын бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. Қорды есепке алуды, сақтауды және сақтауды қамтамасыз ету үшін кітапханада істер номенклатурасына сәйкес құжаттама жүргізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Сондықтан бүгінгі таңда студенттердің кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды. Осыған орай, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледж кітапханасы жоспар бойынша «Оқуға құштар колледж» атты проект жұмысын өткізу барысында.
«Оқуға құштар колледж» тұырымдамасын іске асыру жөніндегі қыркүйек айының іс-шаралар
ЕСЕБІ

п/п
Іс-шара атауы
Өткізілу формасы
Әлеуметтік желідегі сілтемелері
1.
«Библиотека – территория успеха» – День открытых дверей библиотеки
Акция
https://www.instagram.com/p/Ci5ZnkEjRrH/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D
2.
«Я прочитал и вам советую»
Библио-кросс
https://www.instagram.com/p/CjCygV0gf0u/?igshid=MDJmNzVkMjY=
3.
«Мы-читающее поколение»
Еріктілер қозғалысы
https://www.instagram.com/p/CjHdmLfDfhf/?igshid=MDJmNzVkMjY=
«Оқуға құштар колледж» тұырымдамасын іске асыру жөніндегі
қазан айының іс-шаралар
ЕСЕБІ

п/п
Іс-шара атауы
Өткізілу формасы
Әлеуметтік желідегі сілтемелері
1
«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз»
Әдеби аукцион
https://www.instagram.com/p/CkPglfEIhQb/?igshid=MDJmNzVkMjY=
2
«Бір колледж –бір кітап»
Акция https://www.instagram.com/p/CkPg2w8ITBg/?utm_source=ig_web_copy_link
3
«Kitaptime-2022»
Кітап фестивал
https://www.instagram.com/p/Ci9cSm4sf51/?igshid=MDJmNzVkMjY=
4
Акын-жазушылармен, сазгерлермен, суретшілермен, актерлермен, спортшылармен,танымал жерлестермен шығашырмалық кездесулер
Кітапхана журфиксі
https://www.instagram.com/p/Cj10hvnIjc2/?igshid=MDJmNzVkMjY=
5
«Jas quiz»
Интеллектуалдық сайыс
https://www.instagram.com/reel/Cj20ZW0jRm5/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Кітапхананың жұмыс уақыты: ДҮЙ-ЖҰМ: 8.30 – 19.30 ҮЗІЛІС: 13.00 – 14.00
Демалыс күндері – сенбі және жексенбі,
Әр айдың 30 -да санитарлық күн.

 

ПЛАНЧитколледж каз___1655962386.3302546_rotated
кітапхана жоспары 2022-2023_rotated