«Күзгі романс»! Міне осындай романтикалық тақырыпта поэзия мен акустика кеші өткізілді.

Ақын, журналист, этнограф Манай Ғылымхал, әнші ,композитер, ақын, «Айқын» газетінің тілшісі Жұмашев Абылайхан және Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің студенттерінің қатысуымен  өткен өнер кеші  бейресми форматта өзгеше леппен өтті. Шараға қатысушылар поэтикалық күйге еніп, музыканың құдыретті үніне тербеліп  күзгі жапырақтардың сыңғыры мен элегиялық   әсерге бөленді.