Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы республикалық «Жас маман» жобасы бойынша ашылған оқу орнының құзыреттілік орталығында өткізілді.
Кеңесте оқу орнының 2021 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы, Корей асханасын ендіру институтымен оқу орнының бірлескен жобасы туралы, білімгерлерге тәрбие беру ісіндегі басым бағыттары туралы, ақпараттық технологияны оқу жүйесі ендіру жұмыстары туралы мәселелер қаралып, талқыға салынды. Құзыреттілік орталығының жұмысымен етене танысқан кеңес мүшелері оған жоғары баға берді, одан әрі жетілдіру бағытындағы өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, отырыс барысында студенттер арасындағы адамгершілік, патриоттық бағыттағы тәрбие жұмыстарын өрістету ұсынылды.