Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы республикалық «Жас маман» жобасы бойынша ашылған оқу орнының құзыреттілік орталығында өткізілді.

Кеңесте оқу орнының 2021 жылы  атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы, Корей асханасын ендіру институтымен оқу орнының бірлескен жобасы туралы, білімгерлерге тәрбие беру ісіндегі басым бағыттары туралы, ақпараттық технологияны оқу жүйесі ендіру жұмыстары туралы мәселелер қаралып, талқыға салынды. Құзыреттілік орталығының жұмысымен етене танысқан кеңес мүшелері оған жоғары баға берді, одан әрі жетілдіру бағытындағы өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, отырыс барысында студенттер арасындағы адамгершілік, патриоттық бағыттағы тәрбие жұмыстарын өрістету ұсынылды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!