«Ет және ет өнімдерін өндіру»

Біліктілік: 3W07210101 «Ет өңдеуші»

Мамандықтың міндеті: мал шикізатынан ет, ет өнімдері мен халық тұтынатын азық-түлік
тауарларын өндірудің технологиялық процестерін ұйымдастыру және жүргізу.
Түлектің негізгі кәсіби құзыреттері: мал, құс және қоянды қабылдау және бастапқы өңдеу,
шұжық, ысталған өнімдер, жартылай фабрикаттар өндіру, құрылымдық бөлімшенің жұмысын
ұйымдастыру.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері:
– мал, құс және қоянның барлық түрі;
– сойылған өнімдер, оның ішінде ет, ішек, эндокриндік-ферменттік шикізат;
– мал шикізатынан ет және ет өнімдерін және халық тұтынатын азық-түлік тауарларын өндіруге
арналған шикізат, негізгі және қосалқы материалдар;
– дайын ет өнімдері;
– мал шикізатынан ет, ет өнімдерін және халық тұтынатын азық-түлік тауарларын өндіру
технологиялары;
– мал шикізатынан ет, ет өнімдерін және халық тұтынатын азық-түлік тауарларын өндіруге арналған
технологиялық жабдық;
– мал шикізатынан ет, ет өнімдері мен халық тұтынатын азық-түлік тауарларын өндіруді
ұйымдастыру және басқару процестері.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!