Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде IV Халықаралық «AstauFest-2023» гастрономиялық фестивалі екінші күн өтіп жатыр.
Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде IV Халықаралық «AstauFest-2023» гастрономиялық фестивалі екінші күн өтіп жатыр.
Бүгінгі күннің бағдарламасында «Сервис және тамақтану саласындағы мамандарды даярлау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
«Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы бойынша «Қарын бүрме» дайындаудан шеберлік сыныптар көрсетілді.
Корей халқының ұлттық тағамдарын дайындаудан да шеберлік сыныптар көрсетіліп, жылдам дайындалатын тағамдарды орында дайындап, келушілерге ұсынды.
«Ас атасы – нан» деген ұранмен болашақ Наубайшыларымыз нан өнімдерінің бірнеше түрінен жәрмеңке-көрме ұйымдастырды. Қазан ошақта бауырсақтар пісіріліп, студенттерге, келген мектеп оқушыларына, келушілерге таратылды.
Өзбек Республикасының «Аспаздар Ассоциациясы» Колледждің 40 жылдығына үлкен қазан сыйға тарту етіп, сол қазанда пісірілген палауды көпшілікке таратты.