Бүгін елордамызда «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионатының үшінші байқау күні өтуде.

Бүгін елордамызда «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионатының үшінші байқау күні өтуде. ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынауда.
WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған, сондай-ақ білікті кадрларды дайындауда жаңа тенденцияларды тудырады.
27 қарашада республикалық чемпионатқа қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздар келесі жылдың 10-15 қыркүйек аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.