Біздің әлеуметтік серіктесіміз “Hilton Astana” қонақ үйінің алаңында жанды диалог форматында «КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК: ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ, БОЛАШАҒЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында ауқымды кездесу өткізілді.
Біздің әлеуметтік серіктесіміз “Hilton Astana” қонақ үйінің алаңында жанды диалог форматында «КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК: ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ, БОЛАШАҒЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында ауқымды кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының көшбасшылық әлеуетін жетілдіру және Қазақстан Республикасының кәсіптік білімін жаңғырту аясында жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті нығайту.
Мақсатты аудитория: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Таlар» КЕАҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ҰКП, ТжКББ әлеуметтік серіктестері, бизнес-қоғамдастықтардың жетекші мамандары, ТжКББ ұйымдарының басшылары.