Көктемнің алғашқы күнін ұйымшылдығымен, іскерлігімен, ізденісімен, шығармашылық талпынысымен Астана қаласы
Көктемнің алғашқы күнін ұйымшылдығымен, іскерлігімен, ізденісімен, шығармашылық талпынысымен Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында сүбелі орны бар Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі Алғыс айту шарасымен бастады. Колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты З.А. Клышбаева ұйысқан ұжымды еліміздің халқын біріктіруге бағытталған, сондай-ақ бір-біріне құрмет көрсетудің алғы шарты ретіндегі мерекеде бірқатар қызметкерлерге білім басқармасы басшысының алғысын жеткізіп, сый-құрмет жасады.