Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық жобасын жүзеге асыру және көгалдандыру жұмыстарына қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің оқытушылары мен студенттері белсене қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық жобасын жүзеге асыру және санитарлық тазарту бағытындағы жалпықалалық сенбіліктерді дайындау мен атқару жөніндегі қала әкімдігінің іс-шаралар жоспары негізінде елорданы көркейту және көгалдандыру жұмыстарына қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Сенбілік барысында колледж аумағы ескі жапырақтардан, қоқыстардан тазартылды, жаңа ағаштар отырғызылды, болашақ гүлзарлардың орындары дайындалды.