Астана қаласы әкімдігінің “Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі” ШЖҚ МКК Түрік мемлекетімен ынтымақтастық байланыстарды нығайту барысында
Астана қаласы әкімдігінің “Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі” ШЖҚ МКК Түрік мемлекетімен ынтымақтастық байланыстарды нығайту барысында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Білім бөлімімен бірлесе отырып жұмыс бағыттарын мақсатты жүзеге асырып келеді. Колледж басшысының кәсіптік оқыту және оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Нуржауова Нұржанат Мұратовна және колледж әдіскері Кобегенова Райгул Алдабергеновна Білім консулы Омер Инанның қабылдауында болып, бірлескен инновациялық және ғылыми жобаларды әзірлеу, академиялық ұтқырлық, колледждің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы, Түркиядағы сән және дизайн саласы бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы мәселелерді талқылады. Әріптестеріміз Түркияның Анталья қаласындағы Мехмет Зеки Балчи атындағы Кәсіби техникалық колледжінде өткен тағылымдамадан алған әсерлерімен бөлісті, колледж басшысы Rаhmi Chiftchi мырзаға және басшы орынбасары Sezer Raside ханымға алғыстарын білдірді.