Мұқтаж жандарға қол ұшын созып қайырымдылық көрсету қанына сіңген қазақ халқының бір-біріне және барлық адамзатқа деген ыстық ықыласы мен ілтипаты ешқашан жоғалған емес.
Осындай тәрбиені көріп өскен колледж студенттері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуді қолға алған болатын. Студенттердің бастамасымен өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа тұрмыс жағдайы өте ауыр, қиындыққа тап болған 7 отбасына әрқайсысына 16 000 теңгеден тұратын азық-түлік өнімдері таратылды.