«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу туралы»
«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу туралы» тақырыбы педагогикалық консилиум өткізуге арқау болды. Директордың тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Ембергенов Қонысбай Нәзербайұлы «Ұрпақтар теориясы – жаңа заманның білімгерін тәрбиелеудің негізі», психологтар Кудиярова Айгерім Нурлановна, Жакин Ильяс Аскарович «Жасөспірімдердің арасындағы суицидтік мінездің алдын-алудағы педагогтың ролі» және «Психологическая служба колледжа по предупреждению аутодеструктивного поведения» тақырыптарында әдістемелік нұсқаулар беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Еркін пікір алмасу барысында педагогтар тарапынан тақырып аясындағы өзекті мәселелер қозғалды. Консилиумді колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Клышбаева Зәуре Арапқызы қорытындылады.