Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылғы 7 қыркүйекте Колледжімізде қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».
Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Диктантқа колледжіміздің 416 студенті қатысты.