Адалдық сағаты
Мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлыныңөмірі мен қызметі қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі студенттерімен өткізілген адалдық сағатының басты тақырыбы болды. Өз елінің адал, шыншыл, әділ, шынайы патриоты болуға үндеген Ахмет Байтұрсынұлының үлкен мұрасы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің қайнар көзі болып табылады.