Колледж студенттері жалпыреспубликалық адалдық сағатына қатысты.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің бастамашылығымен өткізілген жалпыреспубликалық адалдық сағатына қатысты. Акция барысында оқу орнының жетекші оқытушы педагогтері мен ата-аналар қауымдастығының белсенді өкілдері білім алушыларға парасаттылық, адалдық, сенім мен әділдік турасында мағлұматтар берді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жан-жақты таныстырылып, насихатталды.