ҰЖЫМНЫҢ БІРІГУІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ҰЖЫМҒА БЕЙІМДЕЛУІ

Мақсаты:

Ұлты, ауруы немесе басқа сыртқы ерекшеліктері бойынша емес, жеке қасиеттері бойынша адамдарға қарым-қатынасты қалыптастыру.

Міндеттер:

Мінез-құлық мәдениетін және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыру.

Басқа адамдарға (балаларға, әріптестерге) толерантты қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету)

Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, қалыптасқан жанжалды жағдайларға саналы қарым-қатынас жасау.

Өз көзқарасын білдіру және дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!