Жаңа жыл !!!

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің мерекеге сай безендірілген акт залында «Солнечный мир» инклюзивті тәрбие беру орталығының тәрбиеленушілерімен, ұжым қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті. Дәстүр бойынша қызметкерлер мен бүлдіршін балалар жаңа жылды өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерімен бірге қарсы алып, қызыққа толы мерекелік қойылымның куәгері болды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға  жаңа жылдық дастархан жайылып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!