«World Skills Nur-Sultan-2022»

Бүгін колледжде ерекше сап түзеу орын алды. Себебі қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі көптеген республикалық және дүниежүзілік кәсіби байқаулардың тұрақты қатысушысы болып табылады. Ерекше жағдайда»World Skills Nur-Sultan-2022″ Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қошеметке ие болды. Сондай-ақ, Швейцарияда өтетін «World Skills» дүниежүзілік чемпионатына қатысып ел намысын қорғау үшін сапарға шыққалы тұрған Жұмағазы Жазира Сәкенқызы мен Махмұтов Еркебұлан Серікбайұлына сәттілік серік болып, жолдары ақ болып, жеңіс биігін бағындыруға тілек білдірілді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!