Талдықорғанда тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті бұзылған және интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Талдықорғанда тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті бұзылған және интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Аталған жарысқа еліміздің 18 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысты.
Осы чемпионатта колледжіміздің студенті Алпамыс Әмір Абайұлы жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше қашықтық бойынша жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл чемпионат жыл сайын өткізіледі. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі.
Алдағы уақытта Қазақстанның пара жүзу спортшылары 1–2 мамыр күндері Парижде және 7–9 мамыр аралығында Берлинде өтетін әлемдік серияның екі кезеңіне қатысады.
Колледжіміздің мақтанышы — Алпамыс Әмір Абайұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
