Тұсаукесер «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Геннадий Геннадиевич Шиповскихпен кездесумен басталды

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шаралар тізбесі белгіленіп, жүзеге асырылуда. Тұсаукесер «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Геннадий Геннадиевич Шиповскихпен кездесумен басталды. Құрметті қонақтың Елбасымен кездесу сәттерінен жүрек тебірентерлік естеліктері студент-жастардың қызығушылығын тудырды. Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қарыштап дамуына қосқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесі кеңінен әңгіме арқауы арналды. Сонымен қатар, қоғам, жастар, ұлт және т.б. тақырыптар төңірегінде емен-жарқын пікіралмасулар болды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!