Тәрбие жұмысын қашықтықтан жүргізу тәртібі іс-тәжірибеге енгізілуде

Тәрбие жұмысын қашықтықтан жүргізу тәртібі іс-тәжірибеге енгізілуде. Осы ретте, кезекті онлайн-конференция Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған Алтын орданың -750 жылдығына арналып өткізілді. «Қазақстан» телеарнасының шеф-редакторы, журналист, «Media-trend» журналистік мектебінің директоры, блогер, тарихшы Нұрбек Бекбау онлайн форматта «Алтын Орда тарихы және бүгінгі мемлекеттік құрылым» тақырыбында келелі ой қозғады.. Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері М. Үйсінбай және тарихшы мамандар мен колледж қызметкерлері, студенттер қатысты. Іс-шара барысында лекторларымыз Алтын Орда мемлекетінің тарихын жан-жақты талқылап, тыңдармандарға мол ақпарат берді. Сонымен қатар карантин кезеңінде уақытты тиімді пайдалану жөнінде лайфхактарымен бөлісті.