Түлектерге диплом табыстау кеші өтті.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі үш жылдық еңбек пен ізденімпаздықтың нәтижесінде оқу орны қабырғасынан мол білім алып, қызықты да қимас сәттерге толы шуақты күндерін өткізіп, болашаққа асқақ армандарын серік еткен шәкірттеріне салтанатты түрде диплом тапсырды. Салтанатты кеш «Rixos President Astana» қонақ үйінде өткізілді. Әлеуметтік серіктес білімгерлерді кәсіби машықтандыру, біліктілік тәжірибесінен өткізу ісінде көш бастап келеді. Сонымен қатар жылма-жыл білім ордасының үздік бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыруды да қамтамасыз етуде. Осындай қолдаудың арқасында колледж студенттері «World Skills – Қазақстан» чемпионаттарының, халықаралық түрлі кәсіби байқаулардың жеңімпаздары ретінде танылып жүр. Және де оқу орнының өндірістік оқыту шеберлерінің де тәжірибе жетілдіру орталығы болып саналады.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!