«Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері ел Президентінің жолдауын қолдай отырып «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді. Салауатты өмір салтын өмірлеріне серік еткен 400 жуық білім алушылар триатлон паркі мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып кросс жүгіріп, оқу орнының спорт алаңындарында кіші футбол, волейбол ойнап бір сергіп қалды.