Сенбілікке колледжіміздің директоры З.Клышбаевадан бастап барлық қызметкерлер мен студенттер қатысты.

Студенттерді қоғамдық еңбекке баули отырып туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, қоршаған ортаны таза ұстауға, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткен сенбілікке колледжіміздің директоры З. Клышбаевадан бастап барлық қызметкерлер мен студенттер қатысты. Колледжіміздегі сенбілік – бұл аумақты тазарту және көріктендіру ғана емес, сонымен қатар бұл ұжым мен студенттерді ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік.