Салтанатты түлектерге диплом табыстау

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің ұйымдастыруымен бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанатты шарасы болып өтті. Осы оқу жылында білім ордасын 20 оқу тобы, нақтырақ айтсақ 458 білімгер бітірді. Ерке Есілдің жағасында орналасқан «Жастар» амфитеатрында өткен іс- шараға білім саласының үздіктері, елімізге танымал өнер жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жоғары атмосфералық көңіл күйде өткен шара болашақ жас мамандарымыздың үлкен өмірге нық қадам басуына негіз болады деп есептейміз.  Бітіруші түлектерімізге сәттілік тілейміз!