«Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Достық» үйінде «Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға білім саласының жетекшілері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлікті дамыту палатасының өкілдері, жалпы білім беретін және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басшылары, ұлттық тағамды зерттеушілер мен этнограф мамандар, мейрамхана ісінің мамандары, ұстаздар мен студенттер қатысты. «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы негізінде жұмыс жүргізіп келе жатқан оқу орнының іс-тәжірибесі көпшілік назарына ұсынылып, талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған «Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» атты дөңгелек үстелде ұлттық тағам тарихының терең білгірі, этнограф-ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының материалдық емес мұраларының жетекшісі Мұсағажинова Әйгерім Александрқызы «Қазақ тағамдары еліміздің ұлттық бренді ретінде» тақырыбында келелі ой қозғады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған «Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» атты дөңгелек үстелде . колледж директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Сапарбекова Гүлнар Жайдарқызының «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасын өзектендіру, оның ғылыми негізделген критерилерін айқындау» және РиМ мейрамхана мектебінің негізін қалаушы, «Мейрамхана ісі және гостиница бизнесі» мамандығы бойынша PhD докторы Сейтова Раушан Баялиновнаның «Қазақтың ұлттық тағамдарын заманауй түрде ұсыну жолдары» тақырыбындағы баяндамалары ұлттық бірегейлікті сақтап, дамыту бағытындағы тың ұсыныстарымен ерекшеленді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!