Педагог-психолог Базарбаева Г.А. ТПП-ТТ-460 тобымен «Баяу ойлан — жылдам шешім қабылда» тақырыбында тренинг өткізді.

Педагог-психолог Базарбаева Г.А. ТПП-ТТ-460 тобымен «Баяу ойлан — жылдам шешім қабылда» тақырыбында тренинг өткізді. Сабақтың мақсаты — сыни ойлауды, ақпаратты талдау және салмақты шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Тренинг барысында студенттер практикалық жаттығулар орындап, жағдайларды талдауды, өз әрекеттерінің ықтимал салдарын бағалауды және әртүрлі мәселелерді шешуге саналы түрде қарауды үйренді.