Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің 2019 жылғы нәтижелері

2019 жыл Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі үшін оқиғаларға бай, жемісті және табысты болды. Оқу орны республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейде де жоғары шыңдардан көріне білді.

Сонымен:

Қаңтар
Жыл басы колледж үшін 2 оқиғамен естеқалды. Қаңтар айында. Ресми деңгейде институционалдық аккредиттеуден өту расталды. Білім сапасын бақылау агенттігі колледжге 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеуден өткені туралы сертификатын тапсырды

Колледж біртіндеп халықаралық орбитаға шыға бастады. Әлеуметтік желілердің арқасында, Екатеринбургтегі әріптестермен тығыз қарым-қатынастың арқасында оқу орнының өмірін мұқият қадағалап отыратын басқа оқу орындары оның жұмысы туралы білді. Осындай іс-шаралардың бірі Свердлов облысының Бастапқы политехникалық техникумы өткізген “Диалог -2019” білім инновациясының VI облыстық (халықаралық қатысумен) фестивалі болды. Оған 5 педагог қатысып, 1-2 орын иеленгені үшін грамоталармен марапатталды

Колледжде ҚР СТ ISO 9001-2016 сапа менеджменті жүйесі енгізілген. 28 қаңтар күні оқу орны сертификациялық сыртқы аудиттен сәтті өтті.

Жыл сайын колледждің әлеуметтік серіктестерінің саны артып келеді. Қаңтар айының соңында “SL-TEX” мамандарды сертификаттау орталығы, Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы және Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі арасында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Мамандар даярлауды жақсартуға бағытталған жекелеген жобаларды іске асыру жоспарланып, талқыланды.

Ақпан
Нұр_ Сұлтан қаласында кластерлік жұмыс моделі табысты іске асырылуда. Біздің колледж – “Catering service” кластерінде жетекші болып табылады. Біз әріптестерімен жинақталған тәжірибе туралы бөлісуге дайынбыз. Сондықтан да біздің базамызда Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп «Кластер – білім беру ұйымдарын табысты дамытудың инновациялық нысандары» атты республикалық форум өткізілді.

2019 жылдың 21 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Worldskills колледжішілік чемпионатының бірнеше студенті Екатеринбург қаласындағы WorldSkills чемпионатына дайындалу үшін Екатеринбург Сауда – экономикалық техникумының базасында оқу орындарының “ТОП -100” құрамына кіретін жаттығу жиындарына қатысты. Студенттер де, оқытушылар да чемпионаттың тапсырмаларын техникум алаңдарында пысықтады. Осы уақытта “Табысқа алып барар жол” кәсіби конкурсы өтті, оған қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Наурыз
Колледж педагогтары-телеарналардың телевизиялық алаңдарында жиі қонақта болып тұрады. Олар аспаздық шоу үшін шеберлік сыныптар өткізеді, қоғамдық тамақтандыру саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Бұл жолы әңгіме тақырыбы колледждегі табысты іске асырылып жатқан колледж және бизнес ынтымақтастығының формасы ретінде оқытудың дуалды жүйесі болды. Бұл туралы біз КазTV тікелей эфирінде «Білім» хабарында бөліскенбіз.

Наурыз айында колледж кітапханашысы А. К. Ахметова қалалық “Үздік кітапханашы” байқауында үздік деп танылған мектеп және колледж кітапханашыларының ішінде 2 орынға ие болды.

Сәуір

2019 жылдың 4 сәуірінде Нұр – сұлтан қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен “Әдістемелік жұмыстың тиімді үлгісі” атты қалалық байқауы өтті. Оған елорданың оқу орындары директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша колледж директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары У. А. Қыстаубаева 2 дәрежелі дипломға ие болды

22 сәуірде World Skills-2019 қалалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Оқу орны 4 номинацияда ұсынылды. Қазылар алқасының арасында-еліміздің үздік бас аспазшылары мен рестораторлары, “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, ҚР БҒМ, Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы біздің колледж базасында өткен World Skills-2019 қалалық чемпионатына қатысты. Іс-шараны ұйымдастыру жоғары бағаға ие болды. Колледж студенттері “Аспаздық іс” үш құзыреті бойынша 1 орынға, ал “Мейрамхана сервисі”, “Кондитерлік өнер” және “Наубайхана ісі” құзыреті бойынша 3 орындарға ие болды

Қалада толық циклмен жоғары технологиялық ет өңдеу кешенінің құрылысы аяқталуда. Сондықтан жақын болашақта жұмысқа орналасуға, мансаптық өсуге кепілдік беретін осы бейіндегі мамандар қажет болады. Бизнес сұраныстарына икемді жауап бере отырып, колледжде “Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу” жаңа мамандығы ашылды.

Мамыр

Бір ай бойы елорданың үздік бас аспазшылары, сондай – ақ колледж түлектері студенттер мен оқытушыларға арналған мастер – класстар өткізді.

Дәстүрлі түрде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында колледж “Нұр-Сұлтан-жарқын болашақ мекені” атты қалалық мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты.

19-25 мамыр аралығында колледж педагогтары Тверь Сервис және туризм колледжі базасында тағылымдамадан өтті, бірқатар іс – шараларға қатысты, Тверь қаласының студенттері үшін мастер-класстар өткізді.

Маусым

Колледжде “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Ұмыт қалған қазақ ұлттық асүйінің рецептері”инновациялық жобасы жүзеге асырылуда. Біздің міндетіміз: этнограф – тарихи зерттеу барысында, қазіргі уақытта кейбір тағамдардың рецепттерін кең жұртшылық үшін сақтап қалу. Олардың кейбіреулері Алматы қаласында өткен І Республикалық “Ұлттық тағамдарды жаңғырту-2019” байқауына дайындалып, ұсынылды. Біздің шеберлердің күш-жігері лайықты бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша біз бас жүлдені жеңіп алдық.

2014 жылдан бастап Қазақстан WorldSkills халықаралық қозғалысына қосылды. 2015 жылдан бастап оған Қоғамдық тамақтандыру колледжі қатысады. Бұл жаңа идеяларды іздеуді, студенттерді дайындау сапасын жақсартуды талап етеді. Ресейден келген жақын көршілеріміздің тәжірибесін пайдалана отырып, биылғы жылдан бастап Worldskills стандарттары бойынша қорытынды аттестаттау өткізудің пилоттық жобасы басталды.

Тамыз
20 тамызда педагогтар үшін дәстүрлі білім беру қызметкерлерінің кеңесі өтті. “Көрме” залында елорданың үздік оқу орындарының қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі көрменің белсенді қатысушыларының бірі болды. Оған келген білім министрі А. Аймағамбетов пен Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Күлгінов үшін WorldSkills қалалық чемпионатының “Кондитерлік өнер” құзырындағы жеңімпазы Баяхмет Ұлжан қысқа мерзімді мастер – класста кәмпит дайындау технологиясын көрсетті.

23-25 тамыз аралығында Қазан қаласында WorldSkills халықаралық чемпионаты басталды. Колледж делегациясы ашылу салтанатына қатысып, байқау алаңдарында болып, Қазан оқу орындарына барды. Бұл жемісті сапардың қорытындысы ретінде Ресейдің үздік оқу орындарының “ТОП -100” құрамына кіретін және WorldSkills-қа студенттерді дайындаудың мол тәжірибесі бар Қоғамдық тамақтандыру колледжі мен Халықаралық сервис колледжі (Қазан қ.) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қыркүйек

Колледж оқытушысы Кожабергинова С. М. қалалық байқау кезеңін жеңіп, республикалық “Үздік педагог-2019” байқауының жеңімпазы атанды. Бұл үлкен жетістік басшылықтың және барлық педагогикалық ұжымның қолдауының арқасында жүзеге асты.

30 қыркүйек күні колледж дәстүрлі түрде шашумен Кореядан келген оқытушы – нұсқаушы Дженни Кимді қарсы алды, ол Қоғамдық тамақтандыру колледжі мен Корей тамақтану институты (Сеул қ.) арасындағы келісімге сәйкес дәрістер курсын өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді. “The secret of Korean cuisine” инновациялық жобасы екінші жыл бойы жұмыс істейді. Осы кезеңде корей ұлттық асханасын танымал ету бойынша бірқатар мастер – класстар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізілді. Корея Республикасының Елшілігі мен Корей ұлттық мәдени орталығының қолдауымен Нұр – сұлтан қаласының тұрғындары, колледж және Назарбаев Университетінің студенттері қатысты.

Қазан
9-11 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қалалық әкімдіктің, Білім басқармасының, оқу орнының әлеуметтік әріптестерінің қолдауымен Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ұйымдастырған І Халықаралық гастрономиялық “ASTAUfest-2019” фестивалі басталды. 20 қазанда Халықаралық аспаз күнін мерекелеуге орайластырылған гастрономиялық фестивалін ұйымдастырушыларының ойы бойынша елорданың білім беру және мәдени өмірінде маңызды оқиға болуы тиіс салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр – сұлтан қалалық Білім басқармасының, Нұр-Сұлтан Қалалық Кәсіпкерлер Палатасының, “Холдинг “Кәсіпкор” КЕАҚ, Нұр – Сұлтан бас аспаз гильдиясының, Ұлттық корей мәдени орталығының, Халықаралық сервис колледжінің (Қазан қ.), Сауда-экономикалық техникумның (Екатеринбург қ.), № 97 кәсіптік лицейінің (Қырғызстан) өкілдері қатысты. Павлодар, Қарағанды, Алматы, Теміртау оқу орындарының делегациялары, әлеуметтік серіктестер, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің педагогтары қатысты.
Екінші күні негізгі жарыстар өтті. Түрлі алаңдарда оқу орнының жобалары мен жұмыс бағыттары – “Ұлттық ас үйдің ұмыт қалған рецептері”, “Корей асханасының құпиясы” жобасы, мектептермен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу, әлеуметтік серіктестермен және түлектермен жұмыс жасау ұсынылды.

Фестиваль жұмысы барысында Бішкек қаласындағы № 97 кәсіптік лицей мен колледж арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қырғызстан делегациясы әріптестік қарым-қатынас орнатуға қуанышты болды және ұзақ әрі жемісті жұмыс жасауға үміт білдірді.

17.10 колледж командасы “Аспаздық өнерде жастардың шеберлігі, ізденісі және шығармашылығы” VIII Халықаралық байқауына қатысып, І орын алды.

Қараша
8 қараша күні колледж студенттері С. Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай агротехникалық университет ұйымдастырған олимпиадаға қатысты. Оның қорытындысы бойынша олар 1-3 орын алған үшін дипломдармен марапатталды. Олимпиадаға мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің 62 командасы қатысты

“WorldSkills Kazakhstan 2019” V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтерді жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналуға мүмкіндік берді.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша. 3 курс студенті Шакиров Абубакр “Аспаз ісі” компетенциясында қола медальға ие болды, Баяхмет Ұлжан “Кондитерлік іс” құзіреті бойынша “Үздік маман” медальонымен марапатталды,.

12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында аспаздық өнер және гастрономиялық білім орталығының ашылуы өтті.

Желтоқсан
13 желтоқсан күні Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің базасында өткен “Рухани жаңғыру – ұлттық рух, сана биігінің, болашақ пен өткенді тарихи сабақтастырудың бағыттары” атты олимпиадада 1 курс студенті Мұсаева Шұғыла Қазақстан тарихы бойынша жақсы білімдерін көрсете отырып, 1 орынға ие болды.

Желтоқсан айының ортасында “Педагогикалық идеялар панорамасы” атты республикалық бейнесабақтар конкурсы аяқталды. Олар қалалық кезеңде 1 және 3 орынға ие болды және республикалық кезеңде жоғары баға мен оңды пікірлерге ие болды. Олар алғыс хаттармен марапатталды.

21 желтоқсанда Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өтті. Онда колледждегі сыртқы аудит туралы есеп қаралды. Оның қорытындысы бойынша 0508000 “Тамақтандыруды ұйымдастыру” және 1211000 “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандықтарын 5 жыл мерзімге аккредитациялау туралы бірауыздан шешім қабылданды.

2019 жыл Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі үшін сәтті аяқталды. алайда қол жеткізген жетістіктермен тоқтамаймыз. Алда бізді жаңа шыңдар, жаңа жобалар, жаңа белестер күтіп тұр. Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі-ең жақсы, ең үздік колледж екенін өз еңбегімізбен, барлық күш-жігерімізбен дәлелдейміз! (the best!!!)
Кіретін жаттығу жиындарына қатысты. Студенттер де, оқытушылар да чемпионаттың тапсырмаларын техникум алаңдарында пысықтады. Осы уақытта “Табысқа алып барар жол” кәсіби конкурсы өтті, оған қатысып, жүлделі орындарға ие болды.