Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті.

 Қоғамдық  тамақтандыру және сервис колледжінің қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа кеңес мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы шеф – аспаздар гилдиясының  төрағасы Р.А. Имамниязов, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер Палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Ж.М.Туребекова, «Алматы» ауданы ІІБ жасөспірімдер инспекциясының учаскелік инспекторы А.А.Наурызбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңесшісі-депутат көмекшісі Т.К.Мусаев, ИТ компаниялардың Қазақстандық ассоциациясының атқарушы директоры Ж.Е.Увалиев, ПКК-286 оқу тобы ата-аналар комитетінің мүшесі А.В.Сабадаш, жеке кәсіпкер Е.Р.Серкебаев қатысты.  Колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Клышбаева З.А. және педагог, шеберлердің қатысуымен өткен бас қосуда  1. Әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен студенттердің дуалды оқыту бағдарламасын бекіту және келісім шарттар жасау туралы 2. Колледждің стратегиялық (миссия, мақсат, міндеттер) жоспарымен таныстыру 3. Қамқоршылық кеңесінің 2020-2021 оқу жылына жұмысын жоспарлау 4. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге әлеуметтік көмек көрсету барысы қаралды. Әлеуметтік серіктестердің, педагог, шеберлердің, ата-аналардың әлеуетін ұтымды пайдалану арқылы оқу орнының  деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған кеңес мүшелерінің пікірлері талқылауға кең негіз болды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!