Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «Book times» кітап оқушы жастар клубы өмірге келді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «Book times» кітап оқушы жастар клубы өмірге келді. Бұл жастардың бойында әлеуметтік желіге деген тәуелділікті азайтып олардың кітап оқуға деген ықыласын қалыптастыру мақсатында құрылған. Бірінші отырыс «Үттегі қақ» кітабының авторы, ақын Ғылымнұр Қадырбай және оқу орнының шығармашылыққа бейім ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өткізілді. Шараға қатысушыларға кітапхана кеңесінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған библиографиялық шолуы ұсынылып, Ы.Алтынсаринның шығармалары талқыланды. Сонымен қатар, іс-шара барысында жырдан шашу шашылып, келесі отырыста Дәурен Қуаттың  «Бөрі соқпақ» шығармасына арнауға келісілді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!