Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ZOOM платформасы арқылы ата-аналар жиналысын өткізді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ZOOM платформасы арқылы ата-аналар жиналысын өткізді. Басқосуға барлық курста оқитын студенттердің ата-аналары кезең-кезеңімен қатысып, қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім беру мүмкіндіктерін жан-жақты саралады. Сонымен қатар, өндірістік оқыту мен тәжірибеден өту, тәртіп, сабаққа қатысу мәселелері , білім алушылардың қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын-алу барысындағы өзекті тақырыптар талқылауға негіз болды. Кездесу барысында ата-аналар тарапынан көтерілген пікірлер мен ойлар басшылыққа алынып, қорытындысы бойынша оқу, өндірістік және тәрбие жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған шаралар белгіленетін болып келісілді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!