Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы

Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Студенттік Парламенттің ұйғаруымен үстіміздегі жылдың қасиетті мерекесін атап өту ерекше бағытта жүзеге асты. Амал мерекесімен бастау алған апталық шырайлы шараларға толы болды. Көрісу күні жақсы тілек тіленіп, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тапты, студент-жастар  жақсы өнегеден үлгі алды. Оқу орнының барлық студенттері мен қызметкерлері бір кісідей ұлттық киім киіп, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күресі, асық ойыны ұлттық  спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Апталық театрландырылған көріністер көрсетілген, ән мен жыр төгілген қойылыммен қорытындыланды. Мерекелік көңіл-күйдегі үлкен мен жас наурыз көжеден ауыз тиді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!