Нұр-Сұлтан қ. «Қоғамдық тамақтандыруу және сервис колледжі» МКҚК базасында «Astaufest 2019» халықаралық гастрономиялық фестивалінің салтанатты жабылуы өтті.

11.10.19ж. Нұр-Сұлтан қ. «Қоғамдық тамақтандыруу және сервис колледжі» МКҚК базасында «Astaufest 2019» халықаралық гастрономиялық фестивалінің салтанатты жабылуы өтті. Колледж директоры З. Қылышбаева барлық шетелдік және отандық қатысушыларға алғысын білдірді және аталмыш фестивальдің пайда болу тарихын айтты.

Конкурс жеңімпаздары бес номинация бойынша марапатталды: 1. «Шеф кондитер» (жеңімпаз-ө/о шебері Дяткова Е. А., Павлодар қ., Қазақстан) 2. «Арт-класс» (жеңімпазы-Кенесары Г., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан) 3. «Бас аспазшы» (жеңімпаз-маман.студенттер арасында – Нұрбекова Н. Н., Өскемен қ., Қазақстан), 4. «Сервис-класс» (жеңімпаздары Дусин П., Мартынова О., Екатеринбург қ., Ресей), 5. «Студенттік түскі ас» (жеңімпаздары – Трегубенко Г., Ким Д., Алматы қ., Қазақстан).

Фестивальге қатысушылардың барлығы риза болып, директор З. Қылышбаеваға және колледж ұжымына осындай тамаша фестивальді ұйымдастырғаны үшін, жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді. «Солнечный мир» орталығының директорыЕ. Чеботаревская мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Блинный рай» іс-шарасын ұйымдастырғаны үшін З. Клышбаеваға Алғыс хат табыс етті.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!