Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК 100 сұранысқа ие және жаңа кәсіптер (мамандықтар) тізімі бойынша «Жас маман» жобасының қатысушысы болып табылады.

   

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК  100 сұранысқа ие және жаңа кәсіптер (мамандықтар) тізімі бойынша  «Жас маман» жобасының қатысушысы болып табылады.

    2021 жылдың 1 наурыз күні оқу орнының «Құзыреттілік орталығы» мен WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес танымал және басым бағыттар бойынша жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу лагерінде келелі кездесу өтіп, оған ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің директоры Н.Ж.Оспанова, «TALAP», ҰАҚ вице-президенті міндетін атқарушы С.М.Татибеков, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, білім басқармасының өкілдері қатысты.

      Кездесуге қатысушыларға «Аспаздық студия» алаңында «Молекулярлық асхана» жүйесіндегі заманауи  гастрономиялық технологиялар таныстырылды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!