Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 2019-2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінің қорытындысы бойынша Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің ГРАНТЫМЕН марапатталды.

Сүйінші! Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 2019-2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінің қорытындысы бойынша Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің ГРАНТЫМЕН марапатталды. Елордадағы еңселі оқу орнының ұжымын қала әкімінің грантын жеңіп алуымен құттықтаймыз. Ауызбіршілігі мықты, сөзі мен ісі бір, ұжымдасқан, қоян-қолтық, иықтірестіре атқарған игілікті істердің әрдайымда жемісін берері рас екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Бағытымыз түзу, еңсерер биігіміз анық. Жеңіс құтты болсын!

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!