Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген игілікті іс-шараларды өткізіп, ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» Нұр-Сұлтан қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген игілікті іс-шараларды өткізіп, ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Аталған жұмыстардың жалғасы ретінде 13.04.2020 ж. бастап әр апта сайын колледж шеберлерінің ұйымдасыруымен халқымыздың ұмытылған ұлттық тағамдарын қолданысқа қайта енгізу және дайындау жұмыстары бойынша онлайн сабақтар мен видео материалдар Kopis.kz сайты мен колледжіміздің vk, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады. Жарияланған видео материалдарды тамашалап, үйрену арқылы ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруына өз үлесіңізді қосыңыз. Көрермендердің жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды. #nursultan_ruhani_bilim

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!