Колледжімізде қуаныш пен шаттыққа толы керемет мерекелік атмосфера, бірақ алдағы күнге деген үлкен жауапкершілік сезіледі.

10.10.19 ж. «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі” МКҚК-да қуаныш пен шаттыққа толы керемет мерекелік атмосфера, бірақ алдағы күнге деген үлкен жауапкершілік сезіледі.
Бүгін колледж базасында сағат 9.00-де келесі номинациялар бойынша халықаралық байқаулар басталды: 1. Колледждің аспаздық студиясында «Бас аспазшы 2019» байқауы, оған ө/о шеберлері мен студенттер қатысады; 2. Колледждің кафе-барында өтетін «Сервис-класс» байқауы. Байқауға қатысушылардың өте салмақты, епті, шебер екені көрініп тұр, ал жанкүйер-тәлімгерлер өздерінің шәкірттері үшін өте алаңдаулы. Баршаңызға сәттіліктер тілейміз!