Колледждің стратегиялық бағыты әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесу жүйесін жетілдіру механизмі болып табылады.

Колледждің стратегиялық бағыты әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесу жүйесін жетілдіру механизмі болып табылады. Бүгінгі күні мектеп оқушылары «Жұмыс беруші күні» бағдарламасының іс-шараларына да қатысты. «Дәмді нан пісіру өнері», Antreme «Мус торты» шоколадты балмұздақ», «Қантты десерттер вариациялары» шеберлік сыныптары өткізілді. Құзырет тілік орталығында №79 мектептің инклюзивті балаларымен кездесудің әлеуметтік жобасы өтіп, жұмыс берушілермен меморандумдарға қол қойылды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!