Клышбаева Зәуре Арапқызы 1 және 2 курс студенттерімен онлайн-конференция өткізді.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Клышбаева Зәуре Арапқызы 1 және 2 курс студенттерімен онлайн-конференция өткізді. Дүние жүзіне тараған індетке байланаысты жарияланған карантин кезеңінде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру, білім мен біліктілікті арттыру, қосымша білім алу, шеберлікті жетілдіру, бос уақытты тиімді пайдалану, жеке даму траекториясын қалыптастыру т.б. мәселелер білімгерлермен болған емен-жарқын пікір алмасудың негізгі тақырыбына айналды. Колледж директоры мен студенттер өздерін толғандыратын жекелеген тақырыптар бойынша апта сайын кездесіп тұруға мәміле жасады.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!