«Кітапхана – табыс аумағы»

Қоғамдық тамақтандыру және сервис  колледжінде Республикалық «Оқуға құштар мектеп» акциясы аясында жаңадан қабылданған оқу топтарындағы студенттерге арналған «Кітапхана – табыс аумағы» тақырыбында ашық есік күндері өтті. Колледж кітапханасының қызметкерлері білімгерлерге кітапхананың құрылымымен, оқырманның ережелерімен және міндеттерімен таныстырды. Студенттер қызығушылықпен «Окуга құштар колледж-Окуға құштар ұлт» атты кітап көрмесіне қойылған жаңа әдебиеттермен танысты. Кітапханашылар студенттермен жаңа оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын талқылап, жаңа оқырмандарды тіркеу, әдебиеттер беру жұмыстарын жүргізді.