ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ҚОҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ!

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ҚОҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ!

Бүгін, 2026 жылғы 13 қарашада, Астана қаласындағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің базасында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, білім беру мекемелерінің және ата-аналар қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

🤝 Кездесу барысында инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау, қолжетімді әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

🔹 Әсіресе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті оқытуды ұйымдастыру тәжірибесіне, осы бағыттағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.

Колледжіміздің инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы тәжірибесі таныстырылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту, әлеуметтендіру және кәсіби даярлау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ортаға салынды.