Халықаралық ұстаздар күніне арналған ұмытылмас іс-шара өтті.

04.10. 2019ж Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК-да Халықаралық ұстаздар күніне арналған ұмытылмас іс-шара өтті. Колледж директоры З. Клышбаева оқытушылар мен ө/о. шеберлеріне жоғары тұрған инстанциялардың алғыс хаттарын, грамоталарын және колледж атынан сыйлықтар табыс етті. Ұстаздар қауымына арналып керемет әсем музыка ойнап, өлеңдер мен әндер айтылды, билер қойылды. Осы іс-шара ұжымның ішіндегі достық қарым-қатынасты одан да әрі нығайта түсті, оқытушылар мен шеберлер әкімшілікке деген алғыстарын жасырмады, көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!