«Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты колледж оқушылары Спартакиадасы шеңберінде қыздар арасында волейболдан қалалық жарыс болып өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты колледж оқушылары Спартакиадасы шеңберінде қыздар арасында волейболдан қалалық жарыс болып өтті. Қала аумағында орналасқан 24 білім ұйымдарынан қатысқан командалар арасында колледж қыздар командасы мәртебелі 4 орынға ие болды. Сонымен қатар Айтказина Мадина «Үздік ойыншы» атанып, сайыпқырандар тобын бастады.
Бұл студенттердің бос уақытын тиім ұйымдастыру мақсатында үйірме жұмыстарын жолға қоя білген денешынықтыру пәнінің оқытушылары Д.О.Нургожин мен М.И.Ахметовтың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Спортшыларымызға табыс биігінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз.