«Бірге оқиық!» – бір мезгілде, бір мақсатта!

«Бірге оқиық!» – бір мезгілде, бір мақсатта!

✨ 2026 жылғы 6 қараша күні Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бірге оқиық!» республикалық әдеби акциясына Астана қаласындағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері белсенді қатысты.

📖 Акция аясында студенттер қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» шығармаларын бір мезгілде 20 минут бойы оқыды.

💡 Әдеби акцияның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және ұлы ағартушының тағылымды шығармалары арқылы өскелең ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында студенттер Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәніне терең бойлап, кітап оқудың рухани дамудағы маңызын сезінді.

Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!

@kitapoqityn_astana
#БіргеОқиық #КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация #АстанаОқиды #KitapOqitynUlt