Белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, алашқа есімі мәшқұр Балғынбек Имашев колледж студенттерімен кездесті.

Белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, алашқа есімі мәшқұр Балғынбек Имашев колледж студенттерімен кездесті. Емен-жарқын әңгіме барысында өнер, тәлім-тәрбие, жастар, қоғам тынысы сияқты мәселелер төңірегінде кеңінен ой қозғалып, білімгерлер мен ұстаздар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға ауқымды түрде жауаптар берілді. Кездесу соңында студенттер өз қолдарымен жасалған домбыра бейнесіндегі торт және тәтті тоқаштар салынған себетті сыйға тартты.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!